Жобаны «Organic Algae - Fertilizer» түрік инвестициялық компаниясымен бірлескен «Лотус FOOD» ЖШС-і ұсынды.
Аталған жоба аясында спирулин, хлорелла сынды микробалдырлардан экологиялық таза, табиғи дәруменді дәрі-дәрмектер мен «АLGA TS био-пестициді», «АLGA биологиялық табиғи қоспалары», «TS микробалдырлары», «Гематококкус», Дуналиелла балдырлары сынды тыңайтқыштар алу жоспарлануда. Мұнан бөлек, фабрикада ірі қара мен ұсақ малды етті бағытта 25 пайызға, сүтті бағытта 15 пайызға арттыру үшін төрт түлікке арналған тұз шығару да көзделген.
Атап өтетін жәйт, аталған компания «Аьгасалт» еуропалық патентіне ие.
Кездесу барысында жоғары технологиялы жобаның авторы Ф.Омаров мырза өңіріміздің климаттық жағдайы мен ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібіне бейім аймақ екенін айтып, мұндағы инвестициялық тартымдылықтың жоғарылығын атап өтті.
Басқосуда фабриканың құрылысы 2016 жылдың көктем мезгілінде басталатыны белгілі болды. Ал алғашқы өнімдер келесі жылдың жаз айларында шығарыла бастамақ.
Келіссөздерден соң, жобаның авторлары Қазығұрт ауданындағы индустриялды аймақпен танысып, аудандағы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді көрді.