Мұнай бағасына қатысты әлем сарапшылары не дейді ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасына қатысты әлем сарапшылары не дейді ?

21.01.2016
Мұнай бағасына қатысты әлем сарапшылары не дейді ?

Мұнай бағасы 2003 жыл кезіндегі көрсеткішінен де төмен түсті. 2014-ші жылдың маусымынан бері 70 пайызға төмендеген мұнай бағасы қазір барреліне 30 АҚШ долларынан төмен болып тұр. 

Сурет 1. Brent маркалы мұнай баррелінің бағасының (АҚШ долларымен) соңғы 5 жылдағы өзгеруінің көрінісі

HSBC бас атқарушысы Стюарт Гулливер Гонконгтағы форумда: «Биыл мұнай 25 АҚШ доларымен 40 АҚШ долары шамасында өзгеріп отыруы мүмкін. Негізгі өндірушілер қазіргі уақытта сұраныстан күніне 2-2.5 млн баррельге артығымен жеткізіп отыр. Дәл осындай артық өндіру әлі қанша жалғасар екен?» -дейді.

Қазіргі уақытта Nymex маркалы шикі мұнайының баррелі 29,95 ал, Brent маркалы мұнайының баррелі 28,46 АҚШ доллары тұрады.

Сурет 2. Brent маркалы мұнай баррелінің бүгінгі бағасы (АҚШ долларымен)

City-дің тауарлар жөніндегі жаһандық басшысы Эдвард Л. Морс-тың ғылыми-зерттеу жазбаларына сүйенсек, мұнай бағасы әлі көтеріледі, бірақ көтерілуі нарық ойлайтындай жылдам емес. Оның болжамы бойынша, осы жылдың мұнай барреліне орташа бағасы Nymmex үшін 51, ал Brent үшін 48 АҚШ долларын құрайды екен. Дегенмен, бұл баға 2014-ші жылдың жазындағы үш таңбалы саннан әлдеқайда алыс.

2016-шы жылдағы мұнай бағасын анықтаудың негізгі факторлары

Осы жылдағы мұнай құнына әсер ететін біршама факторлардың ішінде жағымдылары да, жағымсыздары да бар. Ең қызығы бұлардың ішінде қайсысының басым түсетіндігінде. Әлбетте, сұраныс пен ұсыныстың шамасының қандай болатынын анықтауға тырысу керек. Себебі қалай болғанда да, мұнай ол жай ғана тауар және оның бағасы сұраныс пен ұсыныстың қатынасына байланысты өзгеріп отырады. АҚШ пен Экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымына мүше елдер мұнай дауынан арыла алмай отыр.

2016 жылдың қаңтар айының 8-і күнгі eia.gov сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, АҚШ-тың қоймаларында 482,6 млн баррель шикі мұнай бар көрінеді. Оған стратегиялық мұнай резервіндегі 695.1 млн баррель мен 840 млн баррель жанармай, дизель, реактивті жанармай сияқты мұнай өнімдерін қосыңыз.

Мұнай бағасына орта және ұзақ мерзімді көзқарастар

Мұнай құны күннен күнге төмендеп барады және оның көтерілуіне себеп бола алатын еш мүмкіндік те көрінбейді. Алдыңғы айларда тіпті одан да әлсіреуінің ықтималдылығы жоғары.

Сұраныс пен ұсыныс жағдайында тепе-теңдік орнауы үшін ұсыныс көлемі бірталай қысқару керек. Әзірше жақын арадағы ұсыныстың төмендеуіне сену қиын. 2016 жылдың бірінші жартысында мұнай баррелі 20 АҚШ долларына дейін жетеді деген пікір бар. Мамандардың айтуынша, бұл тығырықтан шығатын бірден бір жол – әлемдік нарықта мұнай өндірісін азайту. Мұндай жағдайға, алдымен мұнай өндіруші кейбір елдер мәжбүрліктен баруы мүмкін.

Сілтемелер:

http://www.businessinsider.com/hsbc-and-citi-oil-price-forecasts-2016-1

http://www.bbc.com/news/live/business-35324621

http://seekingalpha.com/article/3814646-how-low-can-oil-go?li_source=LI&li_medium=liftigniter-widget

http://www.businessinsider.com/r-worried-about-sub-20-crude-some-sellers-are-already-there-2016-1

http://www.businessinsider.com/hsbc-and-citi-oil-price-forecasts-2016-1

http://www.bloomberg.com/quote/CO1:COM

                       

Хабарламаларға жазылу