Ақұштап Бақтыгереева: Қоғамдағы қазіргі оқиғалар елімізге ұлттық тәрбие мектебінің қажет екенін көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақұштап Бақтыгереева: Қоғамдағы қазіргі оқиғалар елімізге ұлттық тәрбие мектебінің қажет екенін көрсетеді

21.01.2016
Ақұштап Бақтыгереева: Қоғамдағы қазіргі оқиғалар елімізге  ұлттық тәрбие мектебінің қажет екенін көрсетеді

«Уақыттың барлық тынысы ақын жүрегінен өтеді. Сондықтан, ақын болу- оңай емес. Қазіргі жас әншілердің әнін де, сөзін де өздері жазып алып сахнаға шыға беретінін көріп жүрміз. Сөз қадірін ұғынғандары үшін әрине, қуанамыз. Бірақ, шын ақын болу - тағдырдың, табиғаттың сыйы.

Қазір өлеңнен гөрі қоғамдық ойларды көп жазып жүрмін. «Ұлы даланың тілін, дінін қайтсек сақтап қаламыз», деген ой толғандырады», дейді ақын.

«Кәмелетке толмаған қыздардың бала туып, далаға тастап кетіп жатқаны тәрбиеден кеткен олқылық. Қызға отбасының тәрбиесі керек. Олардың санасына «Сен болашақ ұлттың анасысың», дегенді сіңіруіміз керек. Қазіргі біздің қоғамда болып жатқан оқиғалар елімізге  ұлттық тәрбие мектебінің қажет екенін көрсетеді».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу