Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы жұмысына ҚР білім және ғылым, әділет, инвестициялар және даму министрліктерінің, заң шығарушы және атқарушы органдарының өкілдері, Республикалық үйлестіру кеңесінің қосымша білім беру ұйымдары басшылары мен мүшелері қатысады.
Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы аясында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мәселелелері бойынша дөңгелек үстел және әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы семинар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Онда «Мәңгілік Ел» ұлттық идея мен Ұрпақ+» жобалары аясында қосымша білім берудің мазмұнының жаңартылуы, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің есебінен мектептен тыс ұйымдар мен балалардың қосымша білім алуын ұлғайту мақсатында әкімшіліктермен бірлескен қосымша іс-шаралар, кәмелет жасқа толмаған балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында әлеуметтік мәселелер бойынша бағдарламалар әзірлеудің қажеттілігі, сияқты өзге де өзекті мәселелер талқыланатын болады.