«Uber» мен «Airbus» компаниялары бірігіп, жолаушыларды тікұшақпен тасымалдайтын қызмет түрін іске асырмақ.
Жоспар бойынша бұл таксиге «Airbus» компаниясының H125 пен H130 тікұшақтары пайдаланылады.
Бұған дейін «Uber» қосымшасы арқылы клиенттер тек көлік таксиіне ғана тапсырыс берген болса, енді тікұшақты да шақыртуға мүмкіндік туады.
Айта кетейік, бұған дейін «Uber» Үндістанда рикша таксилерін, ал Стамбулда кеме шақырту қызметін қосқан еді.