Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушылардың арасында жарақат алғандар бар. Зардап шеккендердің саны әлі белгісіз. Дегенмен, Today's Zaman басылымының деректері бойынша, екі адам қаза болуы ықтимал.
Жарылыс шамамен жергілікті уақыт бойынша 09:30 минуттар шамасында болған. Оқиға орнына жедел жәрдем мен құтқарушылар жетті.
Жергілікті атқарушы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Кейбір болжамдар бойынша, мектеп ауласына Сириядан ұшқан мина түсуі ықтимал, деп хабарлайды ресейлік lenta.ru.