Н.Назарбаев: Мәжіліс депутаттарының Парламент сайлауын өткізу жөніндегі бастамасын халық кеңінен қолдап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Мәжіліс депутаттарының Парламент сайлауын өткізу жөніндегі бастамасын халық кеңінен қолдап отыр

18.01.2016
Н.Назарбаев: Мәжіліс депутаттарының  Парламент сайлауын өткізу жөніндегі бастамасын халық кеңінен қолдап отыр

Кездесуге сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Консультация барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы Мәжіліс депутаттарының бастамасы қаралды.

Қазақстан Президенті бұл бастама қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапқанын және мемлекет жүзеге асырып жатқан терең реформалар мен әлемдік нарықтағы ахуал тұрғысынан өзекті болып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бастаманың Мәжіліс пен мәслихат сайлауын біріктіруге, қаржылық және ұйымдастырушылық шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретініне назар аударды.

Қ.Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі бастама дер кезінде көтерілгенін, өйткені Мәжіліске бүгінде ел алдында тұрған міндеттерді нақты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа мандатын алу қажет екенін айтты.

Хабарламаларға жазылу