Қазақстандық «Актеп» компаниясымен Inalca Eurasia трансұлттық корпорациясы арасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 61 қадамының шеңберінде меморандумға қол қойылды.
«Inalca Eurasia» еліміздің ет саласына 100 млн. евродан аса қаражатты инвестициялау жөнінде шешім қабылдады. Қаражат республиканың 3 облысында қуаты 44 мың басты бордақылауға арналған алаңдардың құрылысы үшін вертикалды-интеграцияланған компаниялардың құрылуына бағытталмақ.
Бұған қоса, Ақтөбе облысындағы ет комбинатынының қуаттылығын арттырып, жаңғырту жоспарлануда. «Inalca Eurasia» компаниясы қазақстандық ет брендін жасап, Еуропа елдерімен Ресей Федерациясына ет экспортын қамтамасыз етуге ниеттеніп отыр, деп хабарлайды еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.