«ЖБІЖ орындалуы және осыған орай БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларын алып тастауы халықаралық қатынастарда жаңа кезеңнің басталуын белгілеп, қауіпсіз әлемді құру жолындағы аса маңызды сындарлы қадам болып табылады. Саяси ерік бар жерде сабырлы келіссөздер мен дипломатиялық консультациялар ең күрделі деген жаһандық және өңірлік мәселелерді шешудің бірден бір дұрыс әрі тиімді амалы екенін дәлелдейді», -делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, онда Қазақстан ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайтуға өз үлесін әрдайым қосып тұруға дайын екенін мәлімдейтіндігі айтылған.