Сусындардың адам организміне әсері туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сусындардың адам организміне әсері туралы не білесіз?

17.01.2016
Сусындардың адам организміне әсері туралы не білесіз?

Сүт

Сүтте ағзаға пайдалы көптеген элементтер бар. Дегенмен, олардың барлығын кез-келген ағза қорыта алмайды. Мысалы сүт құрамындағы лактозаны кейбір организмдер өте қиын сіңіреді.

Шәй

Құрамында  кофеин болғандықтан қара шәй адамға сергектік сыйлайды. Алайда, ол ағзадағы темір, мырыш пен кальцидің сіңірілуіне кері әсер етеді. Сондықтан, шәйді дастарханға отырмас бұрын немесе тамақтанып алған соң біраз уақыттан кейін ішкен дұрыс.

Көк шәй

Ол қара шәйға қарағанда, пайдалы. Оның құрамында флавоноидтар мен полифенолдар көп. Олар адам ағзасына жағымды әсер етеді. Дегенмен, көк шәйға лимон немесе қант қосуға болмайды. Олар көк шәйдің пайдасын төмендетеді. Ал, дүкенде сатылатын бөтелкедегі шәйді пайдаланудың мүлдем қажеті жоқ. Өйткені, онда лимон қышқылы өте көп.  

4.Кофе

Бұл сусын қан-тамыр қысымы төмен және дені сау азаматтарғы пайдалы. Ал, жүрегі мен қан-тамырлары әлсіз азаматтар үшін қауіпті. Сонымен бірге, асқазан-ішек аурулары бар азаматтарға да кофені ішуге болмайды.   

5.Жеміс шырындары

Әдетте адамдар, шырындарды құрамында дәрумендер көп деп пайдаланады. Расында, шырындардың құрамы әрқалай болып келеді. Сонымен бірге, шырындардың барлығының құрамында қант бар. Шырындардың көпшілігі асқазаны ауыратын адамдар үшін зиян. Өйткені, онда қышқылдар көп болады.

6.Минералды су

Минералды суларды тек дәрігерлердің кеңесімен ғана пайдалану керек. Өйткені, оның құрамындағы тұздар мен өзге де заттар ағзаның зат алмасу процесіне кедергі келтіруі мүмкін. Минералды суларды тіпті, дені сау азаматтардың өздері белгілі бір мөлшерде пайдаланғандары жөн. 

7. Тәтті газдалған сусындар

Бұл сусындар адам ағзасы үшін зиян. Олардың құрамындағы қант пен лимон қышқылы тістің эмалін құртады ал, жұпар иістендіруші және өзге де заттар бүйректің ауруына алып келеді. Сондықтан, тәтті газдалған сусындарды тіпті жаздың аптапты ыстығында да пайдаланбауға тырысқан жөн. 

8.Алкоголь

Адамдар алкогольді ішімдіктерді пайдалануда шек дегенді білмейді. Алайда, аз мөлшерде алколгольдің пайдасы бар. Мысалы аздаған арақ суқтан қорғаса, бір бокал қызыл шарап, ас қабылдау кезінде жүрек, қан-тамырларының жүйесіне жағымды әсер етеді.  Ал, алкогольді шектен тыс көп пайдаланған жағдайда ол бауыр мен миды құртады. 

Хабарламаларға жазылу