1266 жылы американдық тақуа Роджер Бэкон түрлі зерттеулер жүргізу барысында әріптерді үлкейтіп оқу жолын тапқан. Ол кітапқа әйнекті шар қойған. Бірақ, ол әйнекті шар көзілдірік сияқты жақсы көрсетпеген.
Ең алғашқы көзілдірікті 1352 жылы Италияда салынған кардинал портретінен көруге болады. Әлемде баспа кітаптары пайда болған сәттен бастап көпшілік көзілдірікті көбірек пайдалана бастаған. XVI ғасырда Солтүстік Италия мен Оңтүстік Германияда көзілдіріктер көптеп жасалған.
Ал, 1784 жылы Бенджамин Франклин екі фокусты көзілдірік ойлап тапқан. Көзілдірік көзбұршағының көруін жақсартып, бейнені анық көрсетуге септігін тигізеді.