Бермуд үштағанының сыры - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бермуд үштағанының сыры

16.01.2016
Бермуд үштағанының сыры

Қазіргі уақытта Бермуд үштағаны адамдар, кемелер, ұшақтар із-түзсіз жоғалып кететін ең қауіпті аномальды аймақ екені белгілі. Ол Атлант теңізінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бермут үштағанының шекті аймақтары ретінде Флориданың оңтүстігі (Майами), Бермуд Аралдары және Пуэрто-Рико есептеледі. Бұл шартты түрде айтқаны болмаса, қайғылы апаттар оның сыртында да, Мексика шығанағында, Кариб теңізінің солтүстік бөлігінде де болып жатады.

Бермуд үштағанындағы сыры ашылмаған жоғалып кету жағдайлар адамдарды өткен ғасырдың ортасынан бастап алаңдата бастады. 1950 жылы «Associated Press» тілшісі Джонс бұл аймақты «Сайтанның теңізі» деп атаған.

Қазіргі уақытта бұл жерде жүздеген жоғалып кетулер тіркелген.

1945 жылы бұл аномальды аймақта әскери эскадрильяның жоғалып кетуі xалық назарын өзінен аударды. «Эвенжер» типті бес бомбардирші өзінің тәжірибелі экипажымен ашық күн, тыныш теңіз үстінде жоғалып кетті.

Радиожелі арқылы сөйлескенде олар кейбір құрылғылардың істен шыққаны туралы айтып, және «Біз батыстың қайда екенін білмейміз. Ештеңе қолдан келмей жатыр... Қызық... Біз бағытты анықтай алмаймыз. Теңіз де басқаша болып кеткен?..» деген. Пилоттардың соңғы сөздері әртүрлі пікірлерді тудырып отыр: «Біз ақ суға кіріп келе жатырмыз, ештеңе де дұрыс емес. Қайда екенімізді білмейміз, су ақ емес, жасыл».

1963 жылы жүк тиеген «Marine Sulphur Queen» кемесі із-түзсіз жоғалып, оның қалдықтары да табылмаған.

Бермуд үштағанын түсіндіретін әйгілі пікірлер төмендегідей:

Теңізден инфрадыбысты толқындар пайда болып, одан қорыққан экипаж мүшелері борттан секіріп кеткен.

Гольфстримнің қуатты жылы ағысы Бермуд үштағанындағы ауа райын дереу өзгертіп жібереді.

Теңізде метан толы үлкен газ көпіртпелері пайда болады. Кеме мен ұшақ мұндай көпіртпеге тап болғанда үлкен тығыздық пен көпіртпедегі ауадан төменге тартып кетеді.

Хабарламаларға жазылу