Елбасының «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы Мәскеуде талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы Мәскеуде талқыланды

15.01.2016
Елбасының «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы Мәскеуде талқыланды

Мәскеудегі «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдігі «дөңгелек үстелді» Ресейдегі Қазақстан елшілігінің жәрдемімен ұйымдастырды, деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға мәскеулік жоғары оқу орындарының профессорлары мен сабақ берушілері, ресейлік ғалымдар мен сарапшылар, қазақстандық студенттер, аспиранттар, докторанттар және «Болашақ» бағдарламасының стипендия иегерлері қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысын бастап ашқан Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Виктор Темірбаев Мемлекет басшысының аталмыш мақаласын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауының негізгі ережелерін одан әрі дамыту бойынша ел жаңғыртуының және бес институционалдық реформаларының «жол картасы», тіпті оларды іске асырудың нұсқаулығы ретінде алып пайдалануға болады деп айтты.

«Президент өз мақаласында Болашақ біртұтас ұлт – елдің басты мақсаты, бес институционалды реформаларының дәл мәнісі дегенді жеткізуде. Қазақстан халқы ассамблеясы және «Мәңгілік ел» атты жалпыұлттық идеясы болашақ біртұтас ұлтының екі іргелі негіздері ретінде белгіленді», – деді В. Темірбаев.

Дипломаттың айтуынша, «мақала әдіснамалық тұрғысынан жүйеге келтірілген және онда Елбасы қазақстандық арманға жетудің нақты бағыттарын белгілеумен шектеліп қоймай, айтылған реформаларға сенім білдірген халықтың үмітін ақтау бойынша да нақты тетіктерді көрсетіп берді. 

Хабарламаларға жазылу