Үндістанда автобус құздан құлап, 11 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда автобус құздан құлап, 11 адам мерт болды

15.01.2016
Үндістанда автобус құздан құлап, 11 адам мерт болды

Алдын ала болжамдар бойынша, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Бұл туралы журналистерге жергілікті полиция басшысының орынбасары Шахид Икбал Чоудари хабарлаған.

Оның сөзін келтірген Press Trust of India басылымының жазуынша, автобуста 35 адам болған. Қазіргі таңда жолаушылардың нақты саны анықталуда. Алдын ала болжамдар бойынша, жүргізуші автобусты игере алмай қалған болуы  мүмкін. Қаза болғандардың арасында әйел мен бала да бар. Тірі қалғандардың кейбірінің жағдайы өте мүшкіл.

Үндістан жол апаттары бойынша әлемде бірінші орында тұр. Бұл елде жылына жол апаттарынан 150 мың адам мерт болады, деп хабарлайды ТАСС агентті. 

Хабарламаларға жазылу