Әнші, жыршы, термеші «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының иегері Айгүл Елшібаева бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.
«Қазақтың жыршылық дәстүрі – ата-бабамыздан келе жатқан аманат. Сондықтан, қазақтың жауапты қазынасын бойымызға сіңіріп, халыққа насихаттағаннан кейін біз үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Өнердегі шығармашылығыма келер жылы 20 жыл толады. Осыған орай халықтың көңілінен шыққан ән, термелерімді жинақтап, кеш өткізсем деген арманым бар. Қазір соған дайындық үстіндеміз».
«Сахнаға шыққаннан кейін халық сенен тың дүние күтеді. Сон себептен болар, табиғатыма сай жігерлі әндерді орындаймын».
«Қазақтың жыр мақамдары» атты кітаптың бір бөлігін жазып бітірдім. Бұл кітап марқұм Болат Қарақұловтың жетекшілігімен жазылды. Ең бірінші біз жыр мектептерінің орындаушылық айырмашылығы, оның стильдік ерекшеліктері, ритмикалық қағыс ерекшеліктері, айту мәнерін жүйелеп, зерттедік. Бұл әліппесі ғана. Себебі, әр мектеп үлкен теңіздей дүние».
Әншінің орындауындағы «Қыз Жібек» үзіндісін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.