Елордалық Мұхит аралында жаңа балық түрлері пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық Мұхит аралында жаңа балық түрлері пайда болды

14.01.2016
Елордалық Мұхит аралында жаңа балық түрлері пайда болды

Қала тұрғындары мен қонақтары жыл бойы су асты әлемімен және ерекше теңіз балықтарымен таныса алады, джунглиде театрландырылған анимациялық қойылымға қатысып, экзотариумды тамашалайды.

Келушілер Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-шығыс Азиядан, жылы тропикалық өзендерден және ашық теңіздер мен мұхиттардан әкелінген теңіз бен тұщы суда тіршілік ететін 2 мыңнан астам балықты тамашалай алады.

Жақында Мұхит аралына жаңа балықтар әкелінді. Крылатка-зебра – ұзындығы 30 см жыртқыш балық, ол өз ұзындығының үштен екі бөлігін құрайтын балықтармен қоректенеді. Арқа және кеуде жүзбеқанаттарындағы ұзын ленталарда өткір улы инелер болады.

Мұхит аралында әлемдегі ең улы балық – бородавчатка немесе тас балық тіршілік етеді, ұзындығы 35-50 см. Пиранья тұқымдастарынан шыққан балықтар да адамдардың қызығушылығын тудырады.

Қоңыр паку Оңтүстік Америкадағы хакациндердің ең ірі өкілі болып табылады және ұзындығы 1,08 м, салмағы 40 кг жетеді. Тағы бір мекендеуші - жыртқыш балық пиранья наттерердің төменгі жақтары мен тістері оған қорегін кесектеп жеуге мүмкіндік береді, депхабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу