Инстаграм кеңістігіндегі «Үшбу хат» парақшасы оқырмандарға пайдалы кеңестер ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инстаграм кеңістігіндегі «Үшбу хат» парақшасы оқырмандарға пайдалы кеңестер ұсынады

14.01.2016
 Инстаграм кеңістігіндегі «Үшбу хат» парақшасы оқырмандарға пайдалы кеңестер ұсынады

Бұл парақша адамдардың күнделікті өмірінен алынған күрмеуі қиын мәселелері мен шешімін таппаған оқиғаларын құпия түрде бөлісуге мүмкіндік береді.

Ал өзге қолданушылар кеңеске мұқтаж хат жолдаушыларға жеке ой-пікірін, ақыл-кеңестерін ашық білдіре алады. Кез келген жазылушы «Үшбу хат» парақшасына құпия түрде хат жолдап, құнды кеңестер алатын болады.

«Үшбу хат» парақшасына аз ғана күнде 10 мыңнан астам оқырман жазылған. «Үшбу хат» сөзінің мағынасы «құпия хат», «сыры бар хат» деген мағыналарды береді. Яғни, авторы құпия өмірден алынған жағдайлар, оқиғалар, жолдаулар. Парақша «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасының жаңа SMM-жобасы болып табылады.

«Үшбу хат» қарапайым оқырмандардың бастан өткерген қиындықтары мен жеңістерін, қайсарлықтары мен төзімділіктерін, өмірде айтылмаған сырлары мен тарқатылмаған шерлерін ақтаратын, түйткілі шешілмеген қиын жағдайлардың шешімін табуға көмектесетін парақша.

Қазіргі уақытта қызу талқыға түсіп жатқан құпия жарияланымдарымен қатар, «Дәрігер жауап береді» атты жаңа айдар іске қосылды.

Жазылушыларымыздан келіп түскен толассыз сұрақтар іріктелініп жатыр. Алдағы уақытта оқырмандарды көбірек толғандырған сауалдарға білікті мамандардан нақты жауаптар жарияланатын болады.

Парақшаны дайындаушылардың айтуы бойынша, алдағы уақытқа жоспарлар көп. Солардың бірі оқырмандарға кеңес беруді кеңейту және өзге де қосымша пайдалы айдарларды көптеп ашу.

Айта кететін жайт, оқырмандарды топқа тарту бойынша арнайы қызмет түрі көрсетілген жоқ. Парақшаның барлық жазылушылары сіз бен біз сияқты белсенді инстаграм қолданушылары болып табылады.

Барлық белсенді инстаграм қолданушыларын «Үшбу хат» парақшасына www.instagram.com/ushbu_hat жазылып, өзіңізді толғандырған сұраққа жауап алып, хаттарға ақыл-кеңестеріңізді жолдауға шақырамыз.

Хабарламаларға жазылу