Бұл туралы Asia-Plus агенттігі хабарлайды.
«Енді бір-бірімен туыс, ағайын болып келетін азаматтардың некеге тұруларына тыйым салынады», - деді осы мәселе бойынша сөйлеген елдің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Нусратулло Салимзода.
Оның сөзінше, 2015 жылдың басында елде 30 мыңнан астам бала дүниеге мүгедек болып келген. Олардың басым бөлігі ері мен әйелі бір-біріне туыс болып келетін отбасылардың балалары.
Заңға енгізілген түзетулер енді некеге тұрғысы келген азаматтардың міндетті түрде медициналық тексеруден өтулерін талап етеді. Ал, некеге тіркеу орындары медициналық анықтамасыз жастарды некеге тұрғызбайды.
Заңға енгізілген түзетулерде сонымен қатар, некеге тұратын азамтардың ЖҚТБ мен АҚТҚ індеттері бойынша да тексерулерден өтулерін міндеттейді. Билік өкілдері мұндай талаптардың түрлу ауру-сырқаулардың алдын алу үшін пайдалы екендіктерін айтады. Аталмыш талаптарды ел билігі сонымен қатар, Орталық Азиядан келіп жатқан АҚТҚ індетін жұқтырған босқындардың қатарының көбеюімен байланысты да қолға алуы мүмкін деген де пікір бар.