Бұл бастаманы елдің бірінші полицейі көтерген. Осыған қарай қазір құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындардан өздеріне қажет емес велосипедтерді өткізуді сұрап отыр. Полицейлердің сөздерінше, велосипедтер елден шығарып жіберілердің алдында босқындарға таратылып беріледі.
Стурскук кеден бекеті арқылы 2015 жылдың 19-қарашасына дейін 5,5 мың босқын өткен. Олардың басым бөлігін Таяу Шығыс мемлекеттерінің азаматтары құрап отыр. Арнайы талаптар бойынша шекарадан өтетін азаматтардың қандай да бір көліктері болуы қажет. Осыған байланысты босқындар Ресеймен шекаралас жатқан елді мекен тұрғындарынан жаппай велосипед сатып алып, шекарадан өтісімен оларды тастап кеткен.
Ал, Норвегия билігі оларға баспана беруден бас тартты. Бұл елге келген босқындардың басым бөлігі Ресей арқылы өткен. Енді Ресей билігі олардың шекарадан қандай жағдайда өтсе, тап сондай жағдайда кері қайтуын талап етіп отыр. Осыған қарай, босқындарға велосипедтің қажеттігі туындады. Дегенмен, Норвегия биілігі ресейлік әріптестерін көндіріп, босқындарды автобустармен жөнелтуге үміт артып отыр, деп жазады lenta.ru.