АҚШ-тың Өкілдер палатасы КХДР-ға санкциялар салу жөніндегі құжатты мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Өкілдер палатасы КХДР-ға санкциялар салу жөніндегі құжатты мақұлдады

13.01.2016
АҚШ-тың Өкілдер палатасы КХДР-ға  санкциялар салу жөніндегі құжатты мақұлдады

Бұл туралы   Reuters агенттігі хабарлады.

Төменгі палатаның өкілдері аталмыш заңның қабылдауына бірауыздан дауыс берді деуге болады. Заңды 418 адам қолдады. Қарсы шыққан тек екі адам ғана. Республикандықтар мен демократтардың басым бөлігі құжатты қолдады.

Ал, Сенаттағы басым топтардың бірі республикандықтардың көшбасшысы Митч Макконнелл палатаның КХДР-ға қатысты санкция енгізу жөніндегі заң жобасын жақын күндерде қарайтындықтарын айтты.  

Аталмыш заң жобасы Конгреске 2015 жылдың басында келіп түскен.

Алайда, ол бойынша дауыс беру шарасы жүргізілген жоқ. Заң жобасын талқылау Пхеньянның сутегі бомбасына қатысты сынақтардың сәтті жүзеге асқандығын жария еткеннен кейін басталды.

КХДР-да мұндай жойқын қарудың бар екендігін Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын өткен жылдың желтоқсанында ескерткен еткен болатын. 

ҚХДР 2005, 2006, 2009, 2013 жылдары осы қару түріне жерасты сынақтарын жүргізіп, халықаралық қоғамдастық тарапынан айыпталған болатын. 2009 жылы Пхеньян Ресей, АҚШ, ҚХР, Жапония мен Оңтүстік Корея арасында болған алтыжақты келіссіздерден бас тартты. 2015 жылдың шілде айында КХДР-ның билік өкілдері ядролық бағдарламаны тоқтату мен одан біржақты бас тарту мәселесін талқылауға ниетсіз екендіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды lenta.ru.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі КХДР тарапынан жүргізілген сутегі бомбасының сынақтан өткізілуін айыптап, ол бойынша тиісті шаралар қолданылатындығын мәлімдеген болатын. 

Хабарламаларға жазылу