«Қазақстан» Ұлттық арнасы жаңа жылда өз көрермендерін көптеген жаңа және шытырман оқиғаларға толы телехикаялармен қуантады. Бұл жолы көрермендер назарына «Іңкәр жүрек» атты көпсериалы мелодрама ұсынылады.
Жаңа драмалық сериалдың басты кейіпкері – Сәуле есімді қыздың өз бақытын табу жолында қиындыққа толы сынақтардан өтуі мен қиын тағдыры жайлы баяндалады.
Фильмде ауылдан шыққан қарапайым қыздан табысты сәнгерге айналу жолын Сәуленің бұрынғы күйеуіне жазган хаттарынан көре аламыз. Хикая желісінде Сәуле аяғы ауырлығына қарамастан, күйеуіне айтпай қалаға кетіп қалады. Сол кездегі қиындықтармен қоса жұмыс, баланы бағу мен асырау мойнына жүктеледі.
Кинотуындының әрбір жаңа сериясында көрермендер басты кейіпкерлердің бастарынан өткен сезімдерін бірге сезінуге мүмкіндігі туады. Алдағы уақытта сіздерді махабат пен сатқындық, қателік пен өкініш, қуаныш пен қайғы бірге сабақтасқан алуан түрлі оқиғалар күтіп тұр.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендері осындай әсерлі оқиғаның әрі қарай қалай өрбитіні және немен аяқталатыны жөнінде «Іңкәр жүрек» атты жаңа өмірлік телехикаядан 16-17 қаңтарда сағат 14:35-те тамашалай алады.