Франциялық Air France әуе компаниясының өкілдері ұшақтың шассиінен мерт болған азаматтың денесін тапты, деп хабарлайды Франс Пресс.
Әуежай өкілінің айтуынша, мүрде оның кімдікі екенін анықтау үшін Париждегі сот-медициналық институтына жіберілді. Әзірге осы іс бойынша тергеу жұмыстарымен әуе-көлік тасымалы жандармериясы айналасуда.
Мұндай оқиғалар Еуропаның ірі әуежайларында жиі болып тұрады. Өйткені, осы елге заңсыз жолмен келуге ұмтылушылар саны өте көп, деп жазады ria.ru.