Қанат Әуесбай: Ұлт жоспары сан саланы қамтып отырған жоспар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Әуесбай: Ұлт жоспары сан саланы қамтып отырған жоспар

12.01.2016
Қанат Әуесбай: Ұлт жоспары сан саланы қамтып отырған жоспар

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық  университеті журналистика және саясаттану факультетінің доценті Қанат Әуесбай бүгін «Таңшолпанда»  қонақта болды.

Әңгіме басын Қанат Әуесбай Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласына қатысты пікірімен бастады.

«Жалпы, Ұлт жоспары сан саланы қамтып отырған жоспар. Бір ғана мемлекеттік қызмет жөнінде айтар болсақ, есеп беруші мемлекет және мемлекеттік қызметті жаңғырту туралы 5 институттық реформада да айтылған. Мұнда көптеген жаңалық енгізіліп отыр.

Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің бонустық қызмет  ақысы арқылы олардың жұмысының тиімділігін ынталандыру. Одан кейін этикалық институт жүйесін енгізіп, шенеуніктердің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру»,-дейді ол.

«Қоғамды дамытушы факторлардың ең басты көрсеткіші ретінде жемқорлықпен күресті айтуға болады. «Ағайыныңды аяма», деген  қағидатқа сүйенер болсақ, жемқорлық сонда жойылады»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу