Ғаламда ерекше қасиеті бар адамдар аз емес. Әсіресе, көпшіліктің көз алдында небір кереметті көрсеткен сиқыршылар тарихтан мәлім. Олардың айрықша феномені әлі күнге жұмбақ күйде қалып отыр.
Мысалы, Гарри Гудини темір тордан, жүк контейнерінен оп-оңай шыққан. 1918 жылы Нью-Йорк қаласында пілді із-түссіз жоғалтып жіберген карта шебері болған. Ал, әлемге әйгілі карта шебері Дэвид Копперфильд 4 жасында картамен жасалған трюкті көріп, бірден қайталапты.
7 жасында өзінің авторлық фокустарын көрсете бастаған. 1983 жылы Бостандық ескерткішін ғайып қылған. Ұлы Қытай қорғанынан кедергісіз өтіп, Бермуд үштағанына саяхаттап қайтты. Сахнада ешқандай көмекші құралсыз ұшты.
18 жастағы Айтжан Егембердиев сиқыр өнерін біршама меңгеріп алған. Ол алғашқы фокусын 9 жасында үйреніпті. Мектептегі «Жігіт сұлтаны» байқауында алмас темірді тіспен шайнап, қағазды ақшаға айналдырған. Бүгінде ол үшін отпен ойнап, тордағы көгершінді жоқ қылу түк емес.
Толығырақ «Таңшолпанда».