Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы наурыз айында Әзірбайжан құрамасымен жолдастық матч өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы наурыз айында Әзірбайжан құрамасымен жолдастық матч өткізеді

11.01.2016
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы наурыз айында Әзірбайжан құрамасымен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан футбол федерациясы мен Әзірбайжан футбол қауымдастығы екі елдің ұлттық құрамалары арасында жолдастық матч өткізу жөнінде келісімге келді.

Ойын 26 наурыз күні Түркияның Анталия қаласында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде 4 ойын өткізіп, 3 рет жолдастық матч өткізген.

Екі ойында Қазақстан футболшылары жеңіске жетсе, екі ойында Әзірбайжан құрамасы басым түсті. Ал, үш ойын тең аяқталған. Екі құрама арасындағы соңғы матч 2011 жылы өткен.

Хабарламаларға жазылу