Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы АПЛ аясындағы «Ньюкасл» - «МЮ» матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы АПЛ аясындағы «Ньюкасл» - «МЮ» матчын тікелей эфирде көрсетеді

11.01.2016
Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы АПЛ аясындағы «Ньюкасл» - «МЮ» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Ертең, 12 қаңтардан 13 қаңтарға қараған түні АПЛ аясында «Ньюкасл» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 01:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

Соңғы турда «Суонси» командасын ұтқан «Манчестер Юнайтед» 33 ұпаймен чемпионатта 5-ші орында келеді. Ал, қатарынан соңғы 3 матчта жеңіліп келе жатқан «Ньюкасл» 17 ұпай иеленіп, АПЛ-да 18-ші орында тұр.

Сонымен қатар, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сәрсенбі күні «Ливерпуль» - «Арсенал» матчын сағат 01:50-де  тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу