Еліміздің аймақтарында тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шаралар жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің аймақтарында тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шаралар жалғасуда

11.01.2016
Еліміздің аймақтарында тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шаралар жалғасуда

«Ел рәміздері – тәуелсіздік айғағы» тақырыбында өткен жиынға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов, облыс әкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының хатшысы, жазушы Мархабат Байғұт, облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі,жазушы, Ибрахим Түркі, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов және облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар ел тәуелсіздігіне арналған кітап көрмесін тамашалап, «Тәуелсіздік толғауы» атты арнайы бейнефильм көрді.

Шарада егемен еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, тәуелсіздік тарихын тереңінен тану, татулық, ел бірлігі жайында тұщымды ой-пікірлер айтылды.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу