Жиһаздар туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жиһаздар туралы қызықты деректер

11.01.2016
Жиһаздар туралы қызықты деректер

Ежелгі Грекияда барлық жиһаздар, әсіресе төсек орындары түгел дерлік тастан жасалған. Тек, V ғасырдан бастап бұл елде ағаш кереуеттер пайдаланыла бастады.

Ал, Ресейде ағаш төсек орындары VII ғасырдан бастап қолданылады. Бұған дейін тұрғындар пеш үстінде ұйықтаған.

Алғашында матрастар балдырлардан немесе жылқының қылынан жасалған.

Комодты (тартпалы аласа шкаф) Чарльстон қаласында ойлап тапқан. 1726 жылы жасалған Бадминтон княздерінің антикварлық комоды «Әлемдегі ең қымбат комод» атанды. Ал, ең қымбат жұмсақ жиһаз – Эйлин Грейдің айдаһарлар бейнеленген креслосы.

АҚШ-та кереуетке ескерткіш орнатылған. Ол Огайо штатында орналасқан. 

Хабарламаларға жазылу