«Бірге таңдаймыз!». Сырғаңыздың мінезіңізден хабар беретінін білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірге таңдаймыз!». Сырғаңыздың мінезіңізден хабар беретінін білесіз бе?

09.01.2016
«Бірге таңдаймыз!».  Сырғаңыздың мінезіңізден хабар беретінін білесіз бе?

Киімнің көркін ашу үшін екі нәрсе жеткілікті: шынайы күлкі және жарасымды сырға. Мамандар қыз-келіншектердің мінезін олардың сырғасына қарап-ақ анықтауға болатынын айтады.

Кішкентай көзді сырғаларды әдетте мінезі тұйық, шығармашылыққа жақын қыздар тағады. Ал, салпыншақ сырғалар - тік мінезді, көңілді жүретін арулардың таңдауы.

Түрлі-түсті тастары бар сырғаларды көбінесе қызуқанды, көңілшек, бірақ, өте пысық қыздар тағады. Үлкен сырғаларды өзіне тым сенімді әрі талғампаз қыздар таңдайды.

Дәл осындай әшекейлердің жасалу жолдарын қолөнер шебері Ақмарал Нұрланбекова көрсетеді. «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасынан көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу