Шевеция West Atlantic компаниясының ұшағы Ослодан Тромсе қаласына бет алып бара жатқан.
Норвегияда жұмаға қараған түні Швеция-Норвегия шекарасында ұшақ апатқа ұшырады. Екі ұшқыш із-түссіз жоғалып кетті.
Бұл туралы Норвегия телеграф қызметіне корльдіктің пошта қызметінің өкілдері хабарлады. Швецияның әуе кемелерін басқару басқармасы өкілдерінің мәліметтерінше, ұшақ белгісіз себептерге байланысты бірден төменге құлдилай бастаған. Ол бір минут ішінде 6,5 км-ге төмендеп, үлкен жылдамдықпен жерге құлаған. Ұшақтың құлаған жері анықталды, алайда ол жерге жету мүмкін болмай отыр. Өйткені, ұшақ таулы мекедердің біріне құлаған. Ол жаққа жету оңай емес және ондағы ауаның температурасы 30 градустан төмен.
«Ұшақтың бөлшектері Норвегиямен шекарадан 10 км аймақта орналасқан Аккаяур өзеніне жақын жерде 50 метр радиусқа шашырап кеткен»,-деп хабарлады NTB арнасына Швецияның әуе-құтқару қызметінің өкілі Даниэль Линдблад.
Оның сөзінше, апат болған аймаққа Швеция әскери әуе қызметінің F-16 қызметі мен швециялық және норвегиялық құтқарушы тікұшақтар жіберілген. Алайда, ондағы табиғат жағдайлары ұшақтардың қонуына қиындық тудырып отыр.
Норвегиялық бұқаралық ақпара құралдарының хабарлауынша, апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқыштары Норвегия мен Швеция азаматтары емес.