Қажы Қорғанұлы еңбек жолын 20 жасында Ақтөбе телевизиясынан бастаған. Содан 37 жыл қызмет етті. Ардагер тілші бүгінде мерейлі 75 жасқа толып отыр.
«Тележурналист боламын деген арман болған жоқ. Өйткені, ол кезде бұл сала әлі қалыптаса қоймаған. Әртіс боламын деп жүріп, осы мамандықтың иесі атандым. Себебі, екеуі біріне-бірі жақын сала», дейді ардагер журналист.
«Журналистер әмбебап болуы керек. Жастарға әрқашан тілекшіміз. Жақсы хабарлар көрсек, көңіліміз марқайып, қуанып отырамыз».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.