Ақмола облысында барлық бағыттарға жолдар жабылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК.
«Ақмола облысында 8 қаңтарда сағат 01:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының -27⁰-33⁰С-қа дейін төмендеуі) дизельді және қоғамдық автокөлік үшін барлық бағыттарда қозғалыс жабылды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» автожолының учаскесінде (1858-2005 шақырымдар, Балқаш қаласынан - Жамбыл облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалысқа тыйым салынды. Қозғалыстың шектелу себебі - жаңбыр және көктайғақ.