Телжан Жүнісбеков: Өзіңді танытқаның - ұлтыңды танытқаның - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Телжан Жүнісбеков: Өзіңді танытқаның - ұлтыңды танытқаның

07.01.2016
Телжан Жүнісбеков: Өзіңді танытқаның - ұлтыңды танытқаның

Дәрігер Телжан Жүнісбековті әріптестерінен ерекшелеп тұратын бір қыры бар. Ол - БҰҰ-ның Халықаралық тұңғыш еріктісі. 29 жыл шетелде еңбек еткен.

Дәрігер «Көмекке мұқтаж жандарға қолұшын беріп, алғыс алғаннан артық олжа жоқ», деп санайды. Әсересе, мамандығы хирург бола тұра, БҰҰ ауруханасында бір сәбидің дүниеге келуіне септігі тигенін мақтан етеді.

Ана тілімен қоса, орыс, ағылшын, француз тілдерін жетік меңгерген. Қызмет барысында африкалықтардың да тілдерін үйренгенін айтады. Жергілікті халықтың қандасымызға деген ықыласы ерекше.

Телжан Жүнісбеков қазір зейнет жасына жетсе де, жинаған тәжірибесін өзгелерге үйрету үшін Алматыдағы медициналық орталықта қызмет атқаруда.

«Өзіңді танытқаның - ұлтыңды танытқаның» деген ұстаныммен еңбек етіп келген абзал жан туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу