«Түбі бір түркілер». «Алтай елі» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түбі бір түркілер». «Алтай елі»

07.01.2016
«Түбі бір түркілер». «Алтай елі»

«Алтай елінің  табиғаты өте көркем. Таудың арасында жатыр. Ел ұлттық болмысын сақтап қалған. Алтайлықтардың тілі қазақтың тіліне жақын. Қазақтың біраз өнері оларда да бар. Мысалы, айтыс өнері хакастар да, твалықтарда жоқ, алтайлықтарда бар. Таулы Алтай елі бізге ең жақын ел»,-дейді филология ғылымдарының докторы Дандай Ысқақұлы.

Алтайлықтар аңыз-ертегіге бай халық. Ел ішінде бұл ердің тау-тасы, өзен-көлдері туралы аңыз-әңгімелер өте көп. Тіпті, соңғы уақытта бұл елдің ауыз әдебиетіне әлем түркологтары да назар аудара бастады.

Алтай елінің өзге де ерекшеліктері туралы бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:55-те «Түбі бір түркілер» арнайы жобасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу