Бүгін - Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің туған күні.
Қадыр Мырза Әлі - қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік деңгейін биіктетіп, мәртебесін көтеруге айрықша еңбек сіңірген тұлға. «Қазақтың Қадыры» деп танылып, халқы ардақтаған бірегей тұлға, ерекше дарын иесі еді.
Алғашқы еңбек жылдарында «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында өнімді қызмет еткен.
Ақынның алғашқы өлеңі 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланса, «Көктем» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрген. Содан бері өмірінің соңына дейін 50-ден астам поэзиялық, прозалық және әдеби-сын кітаптары шықты.
Туындылары ұлт руханиятының жауһарына айналған қаламгер туралы ҚР Мәдениет қайраткері Қали Сәрсенбай және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Қасымхан Бегманның пікірін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.