Банан туралы қызықты мәліметтер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банан туралы қызықты мәліметтер

03.01.2016
Банан туралы қызықты мәліметтер

Көпшілік бананды жемістер қатарына жатқызады. Алайда, ол – жидек. Ең үлкен банан ағашының биіктігі, орташа есеппен, 10 метр, ал диаметрі - 50 сантиметрге жетеді.

Оның бір сабағында 300 бананға дейін болады. Бұл, шамамен,  500 келіге дейін тартады.

Сары бананмен қатар қызыл түстісі де кең тараған. Алайда мұндай түрі жұмсақ болғандықтан, тасымалдауға жарамайды.

Сейшель аралдарының бірі Маода сары, қызыл және қара банан өседі. Бұл жергілікті тұрғындары үшін  теңіз өнімдерімен бірге берілетін таптырмайтын гарнир болып есептеледі.

Көңіл-күйді реттейтін В6 дәрумені басқа жемістерге қарағанда бананда көп болады.

Қызығы - банан диетасы да бар. Алайда оның нәрлілігі картопқа қарағанда бір жарым есеге көп. Егер бананды кептірсе, калориясы 5 есеге дейін өседі.

Сондай-ақ, оның құрамында калий болады. Ол адамның қалыпты қысымда жүруі үшін өте қажет. Сонымен қатар, калий жүрек бұлшық етін қатайтады. 

Банан сөзін латын тілінен аударғанда «musa sapientum» - ақылды адамның жемісі деген мағынаны білдіреді екен.

 

Интернет материалдарынан алынды 

ФОТО: www.pravda-tv.ru

Хабарламаларға жазылу