Өнертапқыштар ойлап тапқан ерекше оятқыштар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнертапқыштар ойлап тапқан ерекше оятқыштар

03.01.2016
Өнертапқыштар ойлап тапқан ерекше оятқыштар

Жапондық өнертапқыштар ерекше оятқыш жасап шығарған. Оның өзгешелігі - белгілі бір уақытта хош иіс шығаратынында. Зерттеу көрсеткендей, қатты шығатын оятқыш дыбысынан гөрі,  хош иістің көмегімен ұйқыдан тұру - оңай.

Сондай-ақ, зерттеушілердің айтуынша,  оятқыштың дыбысы баяу болғаны жөн.

Ал, Австралия ғалымдары жүргізушіні оятатын құрылғы ойлап тапқан. Мұндай оятқыш жүргізушінің жолда ұйықтап бара жатқанын «көрсе», белгі береді. Немесе көліктің терезесі ашылады.

Сонымен қатар, ұрсқақ оятқыштар да бар. Қызығы -  сағатты білу үшін оған сұрақ қою керек. Алайда, ұйқыдан тұратын уақыт болғанда айғайға басады.

Бірақ дыбысы қатты шығатын және бірден шырылдайтын құралдардың көмегімен оянбаған жөн. Мамандар бұдан адам ағзасы стреске түсетінін айтады.  

Өнертапқыштар жасаған ерекше оятқыштардың бірі – пропеллері бар құрылғы. Яғни, қажетті уақытта құрылғыдан кішкентай пропеллер ұшып шығады. Бөлмені шыр айналып ұшқан оятқыш шыдатпайтын қатты дыбыс шығарады. Оны орнына қойған кезде ғана сөнеді.

Ал, Чилиде өнертапқыштар есту мүкістігі бар адамдарға арналған оятқыш-жастық жасаған. Ұйқыдан тұратын уақыт таяғанда жастық дірілдеу арқылы (вибрация) оятады.

Тағы бір ерекше өнертабыс – «күрік тауық». Құрылғының кішкентай жұмыртқалары болады. Оятқыштың барлық жұмыртқасын орнына қоймайынша, ол шырылдай береді.

Психологтардың айтуынша, күні бойғы көңіл-күй ұйқыдан оянғаннан кейінгі алғашқы жарты сағатты қалай өткізгеніне байланысты болады.  Сондықтан мұндай құрылғыға ерекше мән берген жөн.

Ал, сіздің оятқышыңыз қандай?

 

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді. 

Хабарламаларға жазылу