Неліктен Жаңа жылда шырша безендіру үрдісі қалыптасқан? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Неліктен Жаңа жылда шырша безендіру үрдісі қалыптасқан?

03.01.2016
Неліктен Жаңа жылда шырша безендіру үрдісі қалыптасқан?

Бұрында адамдар табиғаттағы тылсым күштерге сенген. Ормандағы тылсым күштер аяз бен бұрқасын желдерді әкеліп, аңшыларды адастырады деп ойлаған. Сол себептен адамдар өздерін қорғау үшін ормандағы шыршаларды безендіре бастаған. Өйткені шырша ағашы өмір бейнесі болып саналған.

Еуропалықтар шырша безендіру үрдісінің қалыптасуына неміс Реформация басшысы Мартин Лютер ықпал етті деп санайды. Жаңа жыл қарсаңында Мартин Лютер отбасына сыйлық жасау үшін орманнан шырша әкеліп, оны түрлі ойыншықтармен безендірген. Осыдан кейін көпшілік Мартин Лютерден үлгі ала бастаған.

Ең алғаш шырша безендіру туралы жазба дерек 1605 жылы тіркелген. Деректе « Страсбургте  жаңа жыл кезінде шыршаға қағаздан жасалған раушан гүлдерімен алма, қант,  түрлі әшекейлер қойылған»- деп жазылған.

Хабарламаларға жазылу