Тері құрғаса...
Егер тері құрғаса, ағзаға Е дәрумені жетіспейді деген сөз. Сондықтан рационға жаңғақ, майлы балық және күнбағыс майын қосу керек.
Тырнақ пен шаш сынғыш болса...
Бұл - В дәрумендер тобы мен кальций жетіспеушілігінің белгісі. Олар дәнді дақылдар мен дәнді ботқада болады.
Қызыл иек қанаса...
Мұндай жағдайда С дәрумені тапшы болады. Ол пияз, сарымсақ, жемістер мен көкөністерде көптеп кездеседі. Сондай-ақ, қызыл иек жиі қанаса, итмұрын тұнбасы мен қарағай қылқанынан дайындалған қайнатпаны ішкен жөн.
Жаман түс көру және ашуланшақтық
Бұл - магний мен калий жетіспейтінін білдіреді. Мұндай микроэлементтер өрік қағында, өрік тосабы, қара өрік және қызылшада кездеседі.
Түнде дірілдеу
Бұл да ағзаға магний мен калий жетіспеуінен болады.
Шынтақтағы «құс терісі»
Бұл - С және А дәрумендері тапшылығының белгісі. Мұндай дәрумендер қызғылт сары түсті жемістер мен көкөністерде болады: сәбіз, асқабақ, қызанақ, өрік, өрік қағы.
Тұзды тағам жегісі келсе...
Ағзада инфекция немесе қабыну қаупі барын білдіреді. Ең алдымен, несеп-жыныстық жүйесі қабынған деген сөз.
Тәттіге құмарту
Адам жүйке жүйесі зақымданған жағдайда тәтті жегісі келеді. Бұл кезде ішек-қарын жолында мәселе туындамауы үшін бал немесе ащы шоколад жеген жөн.
Тұзсыз тамақ жеу...
Бұл гастрит пен бауыр ауруы пайда болғанын білдіреді. Тұзсыз тағам түйіп ауырғанды жазып, асқазан ауруын басады.
Тағам тұзсыз болып көрінсе...
Депрессия басталғанын білдіреді.
Шемішке шаққысы келсе...
Ағазға антиоксиданттар жетіспейді деген сөз.
Қышқыл тағам жегісі келсе...
Қышқыл тағамдар бауыр мен өт қабын «ынталандыруға» қажет. Мұндай кезде рационға лимон мен мүкжидек қосу керек.
Ащы тағамға құмартса...
Ішек-қарын жолында қандай да бір мәселе болса, адам ащы тағам жегісі келеді. Мұндай кезде ағзаны тазалау керек.
Теңіз өнімдерін жегісі келсе...
Ағзаға йод жетіспейтінін білдіреді.
Интернет материалдары бойынша әзірленді
ФОТО: www.wday.ru