Рахат Әбдірахманов. «Сағыныш» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рахат Әбдірахманов. «Сағыныш» (ВИДЕО)

02.01.2016
Рахат Әбдірахманов. «Сағыныш» (ВИДЕО)

Жүзің болып жарқырап санамда арай,

Сенен басқа әлемді тағы аңдамай.

Оңашада отырмын қиялға еріп,

Қиялымды шындық қып алам қалай?

 

Ажарыңды көрсем де алдыңғы күн,

Жаутаңдаған жанарды талдырды мұң!

Тағы сені іздеді іңкәр жүрек,

Тағы сені сағынып қалдым бүгін!

 

Сұрғылт аспан мұң қосты қалпыма сұр,

Бала көңіл қалайша салсын асыр?

Бірге болған жалғыз күн-жарты минут,

Бөлек жүрген жарты күн-жарты ғасыр!

 

Табыстырып біздерді талай бал түн,

Бір бақыттың ауылы қарайған-тын...

...Сағыныштан аспанға жыр оқысам,

«Мынау жынды шығар »-деп қарайды әркім...

 

Сезім билеп барады сөніп санам,

Кезде қалай жүргенмін жолықпаған?

...Құмарымды қандырып бір иіскеп,

Құшағыма басқым кеп өліп барам...

Хабарламаларға жазылу