Ең алғаш мұнайды тапқан кім? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең алғаш мұнайды тапқан кім?

02.01.2016
Ең алғаш мұнайды тапқан кім?

Жер бетiнде өндiрiлетін шикi мұнай ежелгi адамдарға белгілі болған. Оны шам мен шырақ жағуда пайдаланған.

Сонымен қатар, шикі мұнай медицинада да қолданылды. Сондықтан, уақыт өте келе оған қажеттілік те артты.

Мұнай өндіру үшін жерді бұрғылау идеясын ойлап тапқан  нью-йорктік заңгер Георг Бисселл. Химиктер алғашқы алынған мұнай үлгілеріне сараптама жүргізе келе оның көптеген пайдалы қасиеттерге ие екенін анықтады.

1857 жылы Георг Бисселл Эдвин Л.Дрейк есімді адамды жалдап, Пенсильвания штатындағы Мұнайлы шығанақты бақылауды тапсырады.

Осылайша, 1959 жылдың 28 тамызында 21 метрлік ұңғымадан бұрғылау әдісімен алғашқы мұнай алынады.   

Хабарламаларға жазылу