1857 жылы 31 желтоқсанда Англия ханшайымы Виктория Оттаваны британиялық колонияның астанасы етіп жариялады.
Оттава атауы үндіс тілінде «айырбас» дегенді білдіреді. Кезінде бұл жер сатушылардың кездесетін орны болған. Ал, 1800 жылға дейін онда бірде бір еуропалық болмаған.
1820-шы жылдары мұнда орманшылардың Байтаун ауылы пайда болады. Бұл атау 1854 жылға дейін сақталады. Кейін бұл жердің аты Оттаваға ауысып, ауыл қала дәрежесіне көтеріледі. Ал, 1841 жылы Ұлыбританияның Солтүстік Америкадағы колониясы ретінде Канада аймағы құрылған еді.
1857 жылы 31 желтоқсанда Англия ханшайымы Виктория Оттаваны британиялық Канада колониясының астанасы етіп жариялады. Оттава ағылшын және француз тілінде сөйлейтін халық арасында орналасқан жалғыз қала. 1867 жылы ол Канада мемлекетінің астанасы болады.
Ал, бүгінде Оттава Канаданың 4-ші қаласы әрі маңызды әкімшілік және экономикалық орталығы. Дерек бойынша, онда 875 мың адам тұрады.
Қызықты дерек: Канада астанасында әр көктем сайын қызғалдақ фестивалі өтеді. Ол 70 жыл бұрын болған оқиғамен байланысты. Оттава Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Нидерландтың корольдік жанұясына пана болған қала. Сондықтан корольдік отбасы кезінде көрсетілген жақсылық үшін жыл сайын қалаға мыңдаған қызғалдақ сыйлап тұрады.