Кездесу барысында Президент Әкімшілігінің 2015 жылғы қызметінің қысқаша қорытындылары шығарылды.
Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ел алдында маңызды міндеттер тұрғанын, оларды табысты жүзеге асыру көбіне-көп мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне байланысты екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жиналған қауымды алдағы Жаңа жылмен құттықтап, мықты денсаулық, жемісті жұмыс және бақ-береке тіледі.