Ұлттық арнада әлемдік мульттоптамалар қазақ тілінде көрсетіле бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада әлемдік мульттоптамалар қазақ тілінде көрсетіле бастайды

30.12.2015
Ұлттық арнада әлемдік мульттоптамалар қазақ тілінде көрсетіле бастайды

2016 жылдан бастап Ұлттық арнада әлемдік мульттоптамалар қазақ тілінде көрсетіле бастайды. Осы мультфильмдерді дыбыстайтын актерлердің бірі  Данияр Сыбанқұлов пен Сая Тоқманғалиева бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

«Негізі мультфильмдерді әдеттегідей дыбыстай береміз, тек ән айтатын жерлері болса, арнайы дайындаламыз. Ең алдымен, туындының түпнұсқасын қағаз бетіне түсіреді, кейін оны аудармашылар қазақ тіліне аударады. Осыдан кейінгі үшінші жұмыс – біздікі. Дыбыстау басталады»,-дейді Данияр Сыбанқұлов.

«Күлшеқыз» мультфильмін дыбыстаған актриса Сая Тоқманғалиева әрбір актердің кішкентай ғана эпизод алса да, оны көрерменге шынайы жеткізу үшін барын салатынын айтады.

«Өзімізге берілген образды, мінезді тауып, соған сай жұмыс істейміз. Мысалы, мен қазір Ұлттық арнада көрсетіліп жатқан «Жүрегім сізге аманат» телехикаясында да бармын. Сол телехикаядағы әсерлі жерлері көңілімізге де әсер етеді, жылап аламыз. Дауыс шынымен дірілдеп кетеді. Дубляж сезім арқылы беріледі»,-дейді ол.

«Дауыс таңдауға кастинг жарияланады. Сондай-ақ, таңдалған актерлердің дауысы «Disney»-ге жіберіледі. Сол жақтан таңдаудан өтсек қана біз жұмысқа кірісеміз»,-дейді Данияр Сыбанқұлов.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу