Мешін жылы туған адамдар қандай болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мешін жылы туған адамдар қандай болады?

30.12.2015
Мешін жылы туған адамдар қандай болады?

Халық арасында адамдар туған жылына сай ерекшеленеді деген пікір қалыптасқан. Жалпы болжам бойынша мешін жылы туғандар өздеріне берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысады. Мақсатына жету үшін кез келген құрбандыққа барады.

Алайда, отбасын құруға келгенде көбіне тартыншақтап жүреді.  Мамандардың пайымдауынша, оның себебі – мешіндер еркіндікті қалайды. Тез ғашық болып, тез суынуы да мүмкін. Тұрақсыздығынан жиі қателесіп те жатады.

 «Мешіндер – мұнтаздай болып жүретін, өздеріне қарайтын, әдемілікті сүйетін, айналасындағылдардың бәріне ерекше көзбен қарайтын адамдар.  Алайда, егер отбасында  белгілі бір жағдай өзі ойлағандай болмаса, оп-оңай кетіп қала алады»,-дейді психолог Мейірім Еркінбекова.

Мешін жылғылар жеңілтек болып көрінгенімен, аса тиянақты. Әр ісіне жауапкершілікпен қарайды. Жылдам ойлау қабілетінің арқасында кез келген ақпаратты тез игереді.

Ашық жарқын, көппен тез тіл табыса алатын, биік белестерден көріне алатын жандар. Таланты оларды әрдайым жетістіктерге жетелейді.

Хабарламаларға жазылу