«Қазақстан» РТРК» АҚ» «Балапан» телеарнасының жаңа бағдарламаларына аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды.
Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2015 жылдың 29 желтоқсаны мен 2016 жылдың 29 қаңтары (қоса алғанда) аралығында қабылданады.
Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, 18 қабат, «Балапан» телеарнасы
Бағдарламаның жанрлық бағыты:
№ |
Бағдарлама жанры |
Бағыты |
Ұзақтығы (минут) |
Аудиториясы
|
1 |
Музыкалық |
Телебағдарлама |
75 мин |
5 жастан жоғары |
2 |
Музыкалық-танымдық
|
Телебағдарлама |
20 мин |
5 жастан жоғары |
Тілі: қазақ
Ұсынылған бағдарлама ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласы жөніндегі ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.
Байқауға қатысушы компания төменде көрсетілген талаптарға сай болуы керек:
-
Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы керек (балалар аудиториясымен жұмыс істегені де ескеріледі);
-
Ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі;
-
Қосымша ақпарат: компания туралы ақпарат пен жобалары туралы таныстырушы материал ұсынуға болады.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 55 38 01
Е-mail: balapantv@kaztrk.kz
№2 қосымша
«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ |
Р-169-2014 «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамның «Балапан» телеарнасына арналған телевизиялық жобаларды іріктеу жөніндегі регламенті |
12 парақ |
45 бет |
1-редакция |
«Балапан» телеарнасына арналған телевизиялық жобаларды іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтініш
(ҮЛГІ)
- Қатысушының аты-жөні ___________________________
- Жобаның атауы _________________________
- Жанрлық бағыты_______________________
- Жасы _________________________
- Осы сияқты жобаларға қатысуы туралы:
Жоба атауы |
Тапсырыс берушінің аты-жөні мен оның байланыс телефондары |
Атқарылатын жұмыс түрлері және жобаның аяқталатын жылы |
|
|
|
|
|
|
- Ақыл-кеңестер болған жағдайда олар туралы мәліметтер: _______________________
- Байланыс телефондары, пошта және электрондық пошта мекенжайы: ______ ______________________________________________________________
- Қатысушының банк деректемелері (БСН немесе ЖСН, БСК, ЖСК), сондай-ақ банктің толық атауы: ______________________________________ ______________________________________________________________
- Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
Портфолио (болған жағдайда)
Жобаның төлқұжаты;
Басқа да қажетті құжаттар.
«Балапан» телеарнасы тарапынан конкурс қорытындысы туралы хабарлама (ескерту) болмаған жағдайда ешкімге кінә артпаймын.
__________________ __________________ _________________
(лауазымы) (қолы) Аты-жөні