«Театр – көңіл көтеретін ойын үлгісі ғана емес, ол мәдениеттің өз алдына ерекше мектебі», деген екен Смағұл Сәдуақасов. Ал, «Таңшолпанның» бүгінгі кейіпкерлері жезді өңірдің мәдениетінің дамуына айрықша үлес қосып жүрген Жанботаевтар әулеті.
Жергілікті өнерсүйер қауым Досжан Жанботаевты «біздің Досжан» деп атайды екен. Ол өзгелер сияқты актер болуды бала кезінен армандамады. Қиыны мен қызығы, сынағы мен соқпағы көп әртістік жол мүлде таңсық еді ол үшін.
Бақытын өнерден тапқан жан Жезқазғандағы циркте Қожамқұлов атындағы театрдың құрылғанынан бастап қызмет етіп келеді. 43 жылдан бері өнер ордасы талай сындарлы сәттерден өткен шақтарда «отымен кіріп, күлімен шығып», шырағын сөндірмеді.
«Менің арманым – зоотехник болу еді. Ол кезде зоотехник келген кезде ауылдағы сауыншылардың сиырлары өздерін танымай қашатын еді. Маған сол қызық көрінген болар, зоотехник болуды армандадым»,-дейді ҚР Халық әртісі Досжан Жанботаев.
Мәскеудегі Шепкин атындағы жоғары театр училищесінде білім алған 17 жас түлек танымал қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен Торғайдағы қазақ музыкалық театрының негізін қалайды. Кейін өнер ошағы Жезқазғанға көшіріліп, кенді өңірдің мәдени өмірінің айнасына айналды.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.