Қазақстанда «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасы басталды

28.12.2015
Қазақстанда «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасы басталды

2015 - 2016 жылдарға арналған «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №135-р Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімімен бекітілген.

Жоспарда өскелен ұрпақтың тарихи-өлкетану, туристік дамытуға, сондай-ақ тәлімгерлер арасында Отан тарихына, өлкетануға, мәдениетке деген қызығушылығын дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі дағдыларын қалыптастыруға, балалар мен жастардың өздерін шығармашылық тұрғыда дамытуларына назар аударылған.

«Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасы мектеп, техникалық және кәсіптік оқу орындары тәлімгерлерінің зерттеушілік және шығармашылық әлеуетін дамыту, өскелен ұрпақ арасында «Мәнгілік елдің" негізгі қағидаларын кеңінен таныту. Азаматтық теңдік, еңбекқорлық, толеранттық, адалдық және отансүйгіштік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіру.

Жоба шеңберінде оқушылар тарих, археология және мәдениет саласындағы ұжымдық әрі жеке тақырыптық ғылыми-зерттеу, шығармашылық жобаларды іске асыруға қатысады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоба қосымша білім беретін балалар мен жасөспірімдерге арналған ұйымдарды дамыту жөніндегі экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің үздік шетелдік тәжірибесін ескеру арқылы әзірленген.

Жоба бойынша жұмыстың негізгі форматы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әртүрлі деңгейдегі жобаларды, олимпиадалар, қашықтық конкурстарды ұйымдастыруды көздейді.

Хабарламаларға жазылу