Бүгін – Халықаралық кино күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Халықаралық кино күні

28.12.2015
Бүгін – Халықаралық кино күні

1895 жылы 28 желтоқсанда Париждегі «Гранд-кафеде» ағайынды Люмьерлер  туындысының алғашқы көрсетілімі өтті. Сондықтан бұл күн - Халықаралық кино күні  болып белгіленген.

Бұған дейін Огюст және Луи Люмьерлер өздері ойлап тапқан «Синематограф» аппаратына патент алған. 

Олар 1895 жылдың 22 наурызында тарихтағы алғашқы киносеансты ұйымдастырады.  Ағайындылар тек жақын достарына «Жұмысшылардың Люмьер зауытынан шығуы» атты қысқа туындысын көрсетеді.

Алайда киноның туған күні 28 желтоқсан саналады. Себебі бұл күні Люмьерлер дәмханада көпшілікке «Пойыздың Ла Сьота вокзалына келуі» атты қысқаметражды фильмінің көрсетілімін өткізген.

Бұл - кинематография тарихындағы  алғаш рет ақылы көрсетілген туынды болды. 

 

 

ФОТО: ria.ru

 

 

Хабарламаларға жазылу