70 жыл бұрын Халықаралық валюта қоры құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

70 жыл бұрын Халықаралық валюта қоры құрылды

27.12.2015
70 жыл бұрын Халықаралық валюта қоры құрылды

Халықаралық валюта қорын құру туралы шешім 1944 жылы 22 шілдеде БҰҰ-ның валюта-қаржылық сұрақтарына арналған Бреттонвуд конференциясында қабылданды. Ол үшін 1945 жылы 27 желтоқсанда 29 мемлекет қол қойған негізгі келісім (ХВҚ Хартиясы) жасалды. Дәл осы дата Халықаралық валюта қорының ресми құрылған күні болып есептеледі.  

Қордың негізгі міндеті – ақша-несие саласындағы халықаралық әріптестікті нығайту; валюта бағамының тұрақты болуына көмектесу және валюта саласындағы ережелер мен заңдарды реттеу; көптарапты есептеу жүйесін құруға жәрдемдесу; уақытша қаржы беру арқылы өз мүшелеріне төлем балансындағы диспропорцияны жоюға көмек көрсету.

ХВҚ-ның негізгі мақсаты – төлем балансында қиындықтары бар мүше-мемлекеттерге аз уақытқа несие беру. Ол несиені алған мемлекеттер қиындыққа әкелген мәселелерде шешуге бағытталған саяси реформаларды іске асыруға келіседі.

Қазіргі таңда ХВҚ-да 133 елден 2500 қызметкер жұмыс істейді. Оны Директор-үйлестіруші басқарады. Бұл қызметті 2011 жылдың 5 шілдесінен бастап Кристин Лагард (Франция) атқарып келеді.

Хабарламаларға жазылу